Әр депутат үшін қазынадан күніне 380 мың бөлінеді - қоғам қайраткері
2017 ж. 09 мамыр
3524
34
Қоғамдық "Халық бірлігі" ұйымының төрағасы заңгер Мақсат Ілиясұлы депутаттарды қызметтік көлік пен пәтерлерден босату туралы бастама көтерді деп хабарлайды NUR.KZ.
Яғни, бір депутатты қамтамасыз ету үшін (жыл сайын- NT) мемлекет 100 млн теңгедей жұмсайды, әр депутат үшін қазынадан күніне 380 мың бөлінеді. Парламент осынша шығынға лайық па? Білетініміздей, депутаттар арасында кедей және үйсіз жан жоқ. Бәрінің пәтері, көлігі мен ақшасы бар" - деп жазған Ілиясұлы Facebook парақшасында.
Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында қоғам қайраткері "депутаттарды қызметтік көлігі мен пәтерлерінен айыруды ұсынады".
Сондай-ақ, Ілиясұлы президент әкімшілігіндегі, үкімет мен облыс әкімдіктеріндегі қызметтік көліктер санын қысқартқысы келеді, себебі қызметтік көліктер мен көлікжайларды қамтамасыз ету үшін аз қаражат кетпейді.
Үнемделген қаражатты қоғам қайраткері "балаларды тәтті тоқашпен қамтамасыз етуге жұмсауды ұсынады".