Қуандық Бишімбаев Мемлекет басшысына сын айтқаны үшін ұсталмаған - адвокат
2017 ж. 21 сәуір
5086
11
Алматыда экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты баспасөз мәслихатын өткізіп, БАҚ-та тарап жатқан ақпараттар туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Бишімбаевты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа сын айтқаны үшін қамауға алды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Бұл туралы vlast.kz-ке сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
«Ағымдағы айда БАҚ-та Бишімбаевтың мемлекет басшысының атына сын айтқаны туралы ақпараттар тарады. Қорғалушым ешқашан ондай іске бармаған. Ол мемлекет басшысына өзіне жасаған барлық жағдайлары үшін алғыс ғана айтады», - деді адвокат Сәлімжан Мусин.