Әнші Саят Медеуов депутат болып сайланды - БАҚ

Картинки по запросу саят медеуов

Танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланды, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Басылымның мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігі Саят Медеуовтің депутат болғанын растап отыр екен.

"Сайлау негізінен 26 наурыз күні өтті. Сол кезде Саят Медеуов жаңа қызметке тағайындалып, осы уақытқа дейін ауданымызда болған түрлі ресми іс-шараларға қатысып жүр", - деп хабарлады Алматы облысы Қарасай ауданы Мәслихат аппаратының басшысы Қордай Орынбайұлы.