"Ислам мемлекеті" ұйымына кіретін қазақстандықтар азаматтығынан айырылады - Назарбаев
2017 ж. 11 сәуір
2099
6
Қазақстанда тыйым салынған "Ислам мемлекеті" ұйымына кіретін қазақстандықтар азаматтығынан айырылады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев "МИР 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Қазақстандағы заңнамаға сәйкес, біздің еліміздің құзырындағы азамат кетіп, қандай да бір экстремистік ұйымға кіретін болған жағдайда ол отанына қайтып келе алмайды: автоматты түрде азаматтығынан айырылады. Бұл мәжбүрлі шара", - деді Назарбаев.
Сондай-ақ, ол "Ислам мемлекеті" ұйымында (Қазақстанда тыйым салынған) Қазақстан атынан шамамен 500-600 адам бар екенін, ал бұрыңғы Кеңес одағы елдерінен 5 мыңға жуық адам бар екенін айтты.
"Бірінші кезекте адамдардың террористердің ұйымына кірмеуі үшін осындай шараларды қолдану керек. Біз "Ислам мемлекеті" ұйымынан қайтып келген адамдармен алдын ала жұмыс істеуге тырыстық, бірақ бұл еш нәтижесін бермеді. Сондықтан оларға үйлеріне қайтатын жолды жабу туралы шешім қабылданды", - деді Мемлекет басшысы.