Мырзатай министрді неге сүйді?
2017 ж. 28 наурыз
5701
5
«Ел арнаның» ашылуына келген Мырзатай Жолдасбеков жұрт алдында сөз сөйлегеннен кейін ақпарат министрі Абаевтың бетінен сүйді. Әлде бізге солай көрінді. Бауырына тартқаны анық. Бұл енді қағаберісте қала беретін деталь ғой. Тек, бізге ерекше әсер еткені болмаса...
Қоғам қайраткері қартқа айналыпты. Кейінгіге аманат арқалатуды жөн көрген жанға найза ала жүгірмеңіздер. Бірден түйремекке. Көргенімізді және түйсінгенімізді жазып отырмыз.
«Түйенің сигені секілді ұзын-сонар сериалдар» , - деп барып қазақ эфирін жаулап алған, әлгі бітіп болмайтын түрік және үнді сериалдарын сөкті. Сөккенде, сол сериалды эфирден беруге құмар жандарды сөкті.
«Шәмші туралы кино түсіріпсіңдер, енді Мұқағали жайында фильм керек. Айналайын, Дәуренжан, егер бар ғой, біздер түсірмесек, келесі ұрпақ міндетті түрде түсіреді. Және алдындағы ұрпақтың түсіре алмағанын бетке басатын болады. Жетті ғой енді, мынау қазақтың жоғын жоқтап, жыртығын бүтіндейік те. Басынан сипап, арқасынан қағатын кезіміз келді ғой», - деді.
Сосын өзіне қол ұсынып келе жатқан министрге ықылас білдірді. Атаның Абаевқа артқан аманаты секілденді. Әлде біз солай қабылдадық. «Қазақ мәдениетін ізде, сол мәдениетті дәріпте»,- дегендей болды, Мырза ата.
Жолдасбеков қазақты жақсы біледі. Тарихын түсінеді. Бүгіннің музыкасы мен фильмін емес, кешенің шедеврлерін іздеуді, табуды әрі насихаттауды тапсырды. Мұқағалидан бастап, әрі қарай тереңдеуді ұсынды. Бізде саңлақтар аз ба? Соларды іздесек сорымыздан арылар едік қой. Биің бар, шешенің бар, салың бар, серің бар. Әнщің бар. Күйшің көп. Жақсы тапсырма ғой. Кісіде мін көп болады. Ол заңдылық. Кеще мұңның ізі білінді. Көрген секілдіміз. Мұң. Қандай мұң? «Аға буынның туындыларынан адасып қала жаздадық қой». Мұны да айтты. Ол тек көркем және деректі фильмдерге ғана қатысты емес. Домбырасын тарта алмай, жырларын жаттай алмай қалдық қой, ағайын. Жырау қайда, шешен қайда? Іздейікші... ізі бар ғой...
Аман Сейтқанов,
Фейсбук парақшасынан