Асқар Ақаев 2005 жылы елден қалай қашып кеткені туралы жазды
2017 ж. 25 наурыз
5510
4
Тәуелсіз Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев 2005 жылы елде орын алған наурыз төңкерісі туралы Instagram әлеуметтік желісінде жазды. Осыдан тура 12 жыл бұрын 24 наурыздағы оқиғаның қалай басталғанын ол өз көзімен көргенін айтып отыр деп жазады sn.kz.


Мұнан кейін президент елді тастап Ресейге қашып кеткен. Ол сондай-ақ, өзінің 1990 жылы мемлекет басына қалай келгенін де есіне алды. Айтуынша, билік үшін емес, халықтың жағдайын реттеу, мемлекетте демократия орнату үшін Ақаев президенттіктен бас тартпапты.
Естеріңізге салайық, Қырғызстанды 15 жыл билеген Асқар Ақаев 2005 жылғы төңкерістен кейін елден қашып кеткен болатын. Қазір ол Мәскеуде тұрып жатыр, сол қалада жұмыс істейді деп жазады Zanoza.kg порталы.