ҰҚК-нің бұрынғы төрағасын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
2017 ж. 02 наурыз
1689
0
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевты қамауда ұстау мерзімі 26 наурызға дейін ұзартылған. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі Азаттықтың Дүтбаевтың қамау мерзімі туралы жолдаған ресми сауалына берген жауабында хабарлады.

ҰҚК бұған дейін Нартай Дүтбаев пен Нұрлан Хасен және Ерлан Нұртаевтың 26 желтоқсанда "мемлекеттік құпияны әшкереледі, билігін және қызмет бабын асыра пайдаланды" деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Олардың үйлерінде "тінту жүргізіліп, заттай айғақтар тәркіленген".
28 желтоқсанда күдіктілер сот шешімімен екі айға қамалып, ҰҚК-нің тергеу абақтысына жабылған.