Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі қызметінен босатылды
2017 ж. 01 наурыз
2264
0
[caption id="attachment_65680" align="aligncenter" width="624"]
Алтай Абибуллаев[/caption]

Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі қызметінен босатылды деп хабарлайды NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламады.
Еске сала кетейік, Ақордада мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Алтай Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тарту туралы ұсыныс айтылған.
Ресми ақпаратта Алтай Абибуллаевтың мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы қалай бұзғаны айтылмайды.