Мәжіліс депутатының екінші некедегі әйелі лауазымды қызметке тағайындалды
2017 ж. 01 наурыз
2158
1
Зарема Шәукенова президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Еңбек жолын психолог жұмысынан бастаған ол бірнеше лауазымды қызметтерді атқарды. Оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы философия және саясаттану факультетінің деканы қызметі де бар. Соңғы рет ол Білім және ғылым министрлігі жанындағы философия және саясаттану институтының директоры қызметін атқарған.
Зарема Шәукенова бірнеше еңбектің және 150-ге жуық ғылыми жұмыстың авторы. Ол мәжіліс депутаты, Алматы қаласы бұрынғы әкімінің орынбасары ретінде есте қалған Серік Сейдумановтың екінші некедегі жұбайы. Олардың 2005 жылы туған Сабрина есімді қыздары бар.