Серік Сәпиев мәжіліс депутаты атанды
2017 ж. 28 ақпан
3073
4
[caption id="attachment_65581" align="aligncenter" width="567"] Серік Сәпиев[/caption]
Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Серік Сәпиевті Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты етіп тіркеді. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі хабарлайды.
Мұндай шешім 28 ақпан күні орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында Қазақстан Конституциясына сәйкес қабылданған. Шешімге «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің бюросы қабылдаған қаулы негіз болды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Серік Сәпиевке куәлік пен парламент мәжілісі депутатының төсбелгісін табыстады.