Дархан Кәлетаев - Жаңа реформа еліміз парламенттік жүйеге ауысады дегенді білдірмейді
2017 ж. 09 ақпан
2117
0
Парламент Сенатының депутаты Дархан Қалетаев Ақмола облысындағы құқық қорғау органдары академиясында болып, Бас прокуратура жанындағы оқу орнының профессорлық құрамы және білім алушыларымен кездесті.
Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлайды.
Басқосуда Қазақстанды жаңғыртудың үшінші кезеңіне арналған Елбасы Жолдауы және билік тармақтарын бөлу жөніндегі ұсыныстары талқыланды. Осы ретте Дархан Қалетаев Мемлекет басшысы бастамаларының мән-маңызын айшықтап, сот және прокуратура саласындағы өзгерістерге тоқталды. Оқу орнының өкілдері конституциялық өзгерістерге сай, Парламентке жүктелген мақсат-міндеттер жайлы әңгіме қозғап, ұсыныс-пікірлерін айтты.
Дархан Қалетаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Конституциялық реформадағы өзгерістер жерге қатысты қолданылмайды. Бірнеше күннен бері осы мәселе қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сондықтан сіздер заңгер болғандықтан, аталған өзгерістерді жан-жақты түсіне білулеріңіз керек. Сонымен қатар жаңа реформа біздің елімізді парламенттік жүйеге ауыстырады дегенді білдірмейді. Бұл жолы тек заң шығарушы органның рөлін күшейтіп жатырмыз.
qazaquni.kz