БИЛІК СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ТАСМАҒАМБЕТОВКЕ ТАПСЫРЫЛАТЫН БОЛДЫ…

19
13258

Бүгін, яғни көктемнің екінші айының  алғашқы күні елімізде үлкен саяси жаңалық болды. Кешке таман  барлық парламент пен үкімет мүшелерін Ақордаға шұғыл жинаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сенат төрағалығына Иманғали Тасмағамбетовты тағайындағанын жариялады. Әрине, сенат мүшелерінің келісімі әдеттегідей жүз пайыз дауыс берумен анықталды.

Әйтсе де ең басты саяси жаңалық бұл емес екен… Оны Елбасы су жаңа Сенат төрағасын құттықтап болғаннан кейін, жабық есік жағдайында жариялады. Нұрсұлтан Әбішұлы алдын-ала болжанғанындай жаңа сайлауда 98,5 пайызын иеленген соң, инаугурацияны өткізіп, жаңадан құрылған Ұлттық кеңесте жаңа бағыт-бағдарды айқындап беріп… ел тізгінін Конституция бойынша екінші адам болып табылатын Сенат төрағасына, яғни Иманғали Тасмағамбетовке тапсыратын болды… Өзі Тұңғыш Президент-Елбасы ретіндегі ең жоғарғы лауазымда ел тынысын бақылап отыратын болады.

Тағы бір саясаттағы жаңа қадам – әр партия мен ұлтттық қозғалыстардан Ұлттық кеңеске кірген мүшелер де Үкімет мүшелігіне кіріп коалициялық үкімет құрылады. Әлихан Бәйменов пен Ораз Жандосовты вице-премьерлер етіп тағайындау туралы жарлыққа Ұлттық кеңес мүшелері алдында қол қойылды. Жармахан Тұяқбай – Әділет министрі, Балташ Тұрсынбаев- Ауыл шаруашылығы министрі, Нұртай Сабильянов –Экономика министрі, Тоқтар Әубәкіров Ғарышты басқару агенттігі төрағасы, Мұхтар Шаханов –жаңадан құрылған Ұлт істері комитеті төрағасы болып тағайындалуына Ұлттық кеңес мүшелері бірауыздан келісті. Енді бұдан былай Атазаңда Мемлекеттік тіл – тек қана қазақ тілі болып, қазақ тілін білмегендер оқуға да, ешқандай қызметке де қабылдандайды.

Болат Әбіловке де біршама ірі қызмет ұсынылған екен, Әбілов Қарағандының Металлургия комбинатын сұрапты. Енді оны қазақтың темірі мен көмірінің… және талай шахтердің құрбан болып, қиылған өмірінің арқасында әлемдегі ең алдыңғы қатардағы миллиардерлердің бірі болған үндіс Митталдан алу қалай болады, Болаттың тағдыры солай шешіледі…

Ал «Нұротан» партиясының бірінші орынбасарлығына… Коммунистер партиясы төрағасы Ғазиз Алдамжаров баратыны белгілі болды.

Айтпақшы, Президент кеңесшісі Е.Ертісбаев «Ертегілер» атты мемлекеттік баспаға жетекшілік ететін болды. Оған сарай бұлбұлының өзі риза болып: «Өз жұмысым емес пе?» дейтін көрінеді… Нені «өз жұмысым» деп отырғанын, баспа ісі ме, әлде… ертегілер айту ма, ол жағын анықтап айтпапты…

Алда тағы да бірталай өзгерістер орын алмақ. Олар Президент инагурациясынан кейін белгілі болады.

Қазыбек Иса

 

19 ПІКІРЛЕР

  1. Негізі Елбасының өзі 2030-ға дейін басқара бергені дұрыс қой деймін. Шетелдерде 30-40 жыл басқарып жатыр ғой. Кадафи, мубарактар елді жап-жақсы басқарып, дәулетті етіп жатқан еді, америкалық тыңшылар ғой бәәәәәәрін бүлдірген… Бізде Кейінгілер бір-бірін мойындамай, байлық талас, билік таласқа ұласып, Тәуелсіздігімізге кесірі тимесе болғаны…

  2. Иә, Иманғали биліктің барлық баспалдағынан өткен батыл да, іскер саясаткер. Енді осы спикерлік пен президенттік қана қалып еді, дұрыс болған екен, екеуіне бірден қол жеткізіп… Қос тойың қабат болсын деген осы шығар… Өзі бұл рас хабар ма?

  3. Әлихан, Балташ, Тоқтар, Нұртайлар үкіметке келсе, елге тигізер пайдасы зор болатынына сенемін. Күндемесе, жүре алмайтындар үре береді… Үкіметке сонымен қатар Ғалымжан Жақияновты да шақыру керек.

  4. Қазыбек – ұлтшыл ақын! Ал ұлтшыл ақынның ауызы дуалы келеді. Оның үні періштенің құлағына жетіп тұрады. Сондықтан осы айтылғандардың барлығына ертең-ақ көзіміз жетеді. Мен бұған сенемін.

    Асқар

  5. Бауырларым, бул жариялым 1 сәуірде жарияланып отыр. яғни 1 сәуірде адамға сенуге болмайды. Сол себепті бул жай ғана сандырақ деп білгендеріңіз дұрыс болар. Маған кім қосылады?????????

  6. Егер осынын бәрі шын болса Нурекен ерледІ , Ішіміздін түңшығып жүредік не айтарымызды білмей қырық бірін күтүп, Жақсы болған екен бір шешімге келіп, Жігіттір қолдайық,

  7. Егер осынын бәрі шын болса Нурекен ерледІ , Ішіміздін тыңшұғып жүредік не айтарымызды білмей қырық бірін күтүп, Жақсы болған екен бір шешімге келіп, Жігіттір қолдайық,

  8. Біздің жігіттерге билік берілсе, бастарыңа шай қайнатар. Байқаңдар осы күндеріңе зар болып қалмаңдар.

  9. Ең сәтті таңдау, сәтті қызмет Ертісбаевқа беріліпті. Нұрекең данышпан ғой, кімге қандай жұмыс лайық екенін жақсы біледі…

  10. Иманғали ұлтқа қамқор, ұлтшыл , қазақы қаны бар қайраткер. Енді билікке Имекең секілді саясаткер тұлға, мейлі диктатор болсын, 20 жылда ұлт мәселесінде кеткен орасан зор есемізді қайтару үшін диктаторлық та керек, билікке келмесе, жалған интернационалист-нигилист, көлеңкесінен қорқатын жалтақтар келсе, онда қазақтың, Қазақ мемлекетінің, ең бастысы-тәуелсіздіктің құрығаны…

  11. Демократтар деп Тасмағамбетовты айтып отырған жоқ, үкіметке кірген коалициялық күштерді айтып отыр. Мақаланы дұрыстап оқы.

  12. Тасмагамбетовті кім демократ дейді
    Тас ешқашан демократ болған емес. Оның мінезі диктаторға көбірек келеді. Айналасына жиналған Белович сияқтыларға тағы да жем болуды ойласаң, Тасты таңда

  13. Өте дұрыс шешім екен. Нұрекең ақыры Ельциннің ерлігін қайталаған екен ғой… Әрине, «восток-дело тонкое». Өзі Елбасы ретінде билікте қалып, шығыс вариянтын жасапты. Бұл да дұрыс шығар, Елбасы кетсе саяси-олигархиялық күштер арасалмағы бұзылады ғой. Демократиялық күштерді ел игілігіне пайдаланганы да дұрыс болыпты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз