Ел серкелерімен жолығып, тіршілік түйткілдерін талқылады

Депутат Меруерт Қазбекова «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы активімен кездесті. Кездесуде партияның облыстық филиалының төрағасы Серік Бейсембаев кіріспе сөз сөйлеп, облыстағы жағдайдан хабардар етті. Сондай-ақ өткен жылы атқарылған іс-шаралар туралы есеп берді. Ал, Меруерт Қазбекова Парламенттегі жұмысы жөнінде баяндады. Жоғарғы заң шығару органындағы қабылданған заңнамалар жайында хабарлама жасады. Ол экстремизммен күрес жөніндегі заңға ерекше тоқталды. Бұл бүгінгі күні барша қазақстандықтарды толғандырып отырғанын атап көрсетті. «Іштен шыққан жау жаман» демекші, бейбіт күннің шырқын бұзған лаңкестік ешкімге жақсылық әкелмесі анық. Сондықтан, заң қабылданды, енді жат пиғылды ағымдармен күресті күшейту қажет етіледі, – деді Қазбекова. Актив мүшелері Әділбек Ғабдуллин, Баржақсы Жақанов, Александр Поплавский жергілікті жердегі кө­кейкесті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қазіргі жанармай бағасының қымбаттауы және коммуналдық қызметтердің жұмысы туралы ойлар қозғалды, ал Меруерт Қазбекова өз ке­зегінде бұл мәселелерді шешуге баса назар аударатынын атап өтті. Актив жұмысы барысында ұйымдық мәселелер де қаралды. Облыстық филиалдың жұмысын жандандыру жөнінде де өзінің ойын ортаға салды. qazaquni.kz