Сирия оппозициясының өкілдері мен БҰҰ арнайы елшісі Астанаға келді
2017 ж. 22 қаңтар
1828
2
БҰҰ арнайы елшісі Стаффан де Мистура 22 қаңтарда Астанаға Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөзге қатысу үшін келді, — деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі Twitter желісіндегі ресми парақшасында. Сирия оппозициясының өкілдері мен БҰҰ арнайы елшісі елордаға 22 қаңтарға қараған түні келетіні жайлы осыған дейін ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлаған еді.
Ведомство де Мистурамен елорда әуежайындағы кездесу суреттерін жариялап отыр.
Вести.Ru мәліметінше, Астанаға сириялық оппозиция өкілдері келді, олар 23 қаңтардағы келіссөзге қатысады. Оппозиция өкілдерінің келгені жайлы келіссөзге жақын дереккөз хабарлапты.
Айта кетейік, Астанада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөз 23 қаңтарда басталады, оған қақтығысушы тараптың өкілдері, Ресей, Түркия және Иран қатысады. Айта кетейік, Иран, Түркия және Ресей делегациялары елордаға 21 қаңтарда келіп қойған. Келіссөз алдында делегация Ресей мен Түркия өкілдерімен кеңес өткізеді. Астанада өтетін келіссөздер туралы хабар таратуға 300-ден аса шетелдік журналист келеді.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz