БИГЕЛДІНІҢ ІСІ СОТҚА КЕТТІ, БЕКЖАН ШЕТЕЛГЕ КЕТТІ...
2017 ж. 11 қаңтар
1827
0
Central Asia Monitor газетінің бас редакторы және Radiotochka.kz интернет-порталының құрылтайшысы, билік өкілдерін бопсалады деп айыпталған Бигелді Ғабдуллиннің ісі сотқа жіберілді деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.
Қалалық прокуратураның ақпараты бойынша, іс Астанадағы қылмыстық іс бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілген.
Коррупцияға қарсы қызмет Бигелді Ғабдуллиннің ұсталғаны жөнінде өткен жылдың қараша айында мәлімдеген. 17 қарашада сот оны екі айға қамау туралы шешім шығарды. Тергеу болжамы бойынша, 62 жастағы Ғабдуллин «өзінің басылымдарын мемлекеттік органдарға ақпараттық шабуыл ретінде пайдаланған» және «сол арқылы лауазымды тұлғаларды мемлекеттік тапсырыс алуға бопсалаған». Бигелді Ғабдуллиннің адвокаттары айыптауларды жоққа шығарады.
26 желтоқсанда Radiotochka.kz сайтының бас редакторы, белгілі орыс тілді журналист, таяуда Сыртқы істер министрі қызметінен босаған Ерлан Ыдырысовтың інісі Бекжан Ыдырысов құқық қорғау органдары тарапынан өзіне қысым жасалған соң, Қазақстаннан біржола кетіп қалғанын мәлімдеді. Астана прокуратурасы Ыдырысовқа қысым жасалғанын жоққа шығарды. Биліктің мәлідеуінше, ол Ғабдуллин ісі бойынша куәгер ретінде тартылған.