Назарбаев Ресей елшісінің өліміне қатысты Путинге көңіл айтты
2016 ж. 20 желтоқсан
2158
0
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге Ресей елшісінің қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жеделхатта Карловтың талантты дипломат болғаны сөз етілген.
"Болған терроризм актісі бүкіл әлем бұл қасіретпен жұмыла күресуі керек екенін тағы да растай түсті. Ешқандай зорлық-зомбылық актісін ақтауға болмайды. Қазақстан терроризмді барлық бағыттарында қолдамайды", - делінген телеграммада.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан елінің атынан Карловтың жақындарына көңіл айтуда.