Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның жаңа президенті атанды
2016 ж. 06 желтоқсан
1769
0
Өзбекстандағы президент сайлауының нәтижесі бойынша, Шавкат Мирзиеев елдің жаңа басшысы атанды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

4 желтоқсан күні Өзбекстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтті. Бұған 78 жастағы президент Ислам Каримовтің 2 қыркүйек күні жүрек талмасынан қайтыс болуы себеп.