М. Тоқашбаев: Талғат пен Максті үлкен жазаға кескен сот есімізге 1937 жылды түсіріп отыр
2016 ж. 03 желтоқсан
2954
8
Талғат пен Максті үлкен жазаға кескен сот есімізге 1937 жылды түсіріп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алды дегенмен ол өткенінен қол үзбепті. Бұрынғы партиялық номенклатурадан қазіргі нұротандық номенклатураның айырмашылығы жоқтығын еске алайық. Еліміздің тоталитарлық жүйеден аражігін ажыратпағаны, кеңестік режимге саяси баға берілмегені, кеңестік әдіс-тәсілдердің сақталып қалғаны көзге ұрып тұр. Әдейі 1990 жылғы 25-қазандағы Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны, 1991 жылғы 16-желтоқсандағы «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңды, одан кейінгі Конституцияларды (1993, 1995жж) қарап шықтым. Қазақстанның өткеннен қол үзетіні, тоталитарлық системаны айыптайтыны, азапты кезеңге қайта оралмайтыны туралы бір ауыз сөз айтылмаған. Ешқандай аражік (размежевание) жоқ. Ертеңге ентелеп барамыз. Бұл дегеніміз Қазақстанның тәуелсіздік талабына сәйкес жаңаша емес, ескіше, КСРО кезіндегідей «іші өткен» күйде өмір сүріп жатқанын көрсетеді. Қоғамды өткенінен батыл қол үздіре алмаған бүгінгі мемлекет бұрынғы биліктің қателіктері мен асыра сілтеушіліктері үшін де жауап беретіні бар. Яғни өткенмен қоштаспаған өкімет 1931-33 жылдардағы ашаршылық, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін, қазақ халқына жасалған геноцид жауапкершілігін өз еріктерімен мойындарына арқалап отыр. Шын мәнінде Талғат пен Макстің жазықсыз сотталуы судьялардың өздеріне шығарған үкімі. Осы жағы билікті неге ойландырмайды?
Марат Тоқашбаев,