АҚШ-тың жаңа президенті төсекке сүйреген арулар кімдер?

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп өзін сайлауға түсетін үміткер ретінде жариялағаны сол еді, бірнеше әйел бірінен соң бірі «бізді төсекке тартпақ болды» деп оны айыптай бастады. Бірақ ешқайсы да сотқа дейін бара алмағанын айтқан жөн.

АҚШ-тың жаңа президенті төсекке сүйреген арулар кімдер?Сонымен, Трамптың «төсекке сүйреген» әйелдері кімдер?
АҚШ-тың жаңа президенті төсекке сүйреген арулар кімдер?Ең алғаш болып The New York Times газетіне миллиардердің өзіне қалай тиіскені жөнінде батылы жетіп айтып берген 74 жастағы Джессика Лидс. Ол осыдан 35 жыл бұрын Дональд Трамппен ұшақта қатар отырыпты. Бір кезде Трамп ойда жоқта әлгі танымайтын әйелдің омырауына қолын жүгіртіп жіберген.

«Ол сегізаяқ сияқты денемді түгел тінтіп шықты», - деп сипаттайды ол Трамптың қылығын.

АҚШ-тың жаңа президенті төсекке сүйреген арулар кімдер?Бұл оқиғадан кейін Рейчел Крукс деген әйел шықты. Ол 2005 жылы болған жайтпен бөлісті. Әйел Трамппен Нью-Йорктегі Трамп-тауэр ғимаратында бір лифтте кездейсоқ жолығып қалған.

Рейчел оның осы ғимараттың иесі екенін білген. Сондықтан амандасып, қол алысқан. Ал Трамп қыздың қолын қысқан бетте оны жібермей, өзіне жақын тартып алып, аймалап, ерінінен құшырлана сүйіпті.

АҚШ-тың жаңа президенті төсекке сүйреген арулар кімдер?Ал 36 жастағы Минди Макгилливри 2003 жылы Дональд Трамптың Флоридадағы иелігіне ұйымдастырылып жатқан концерт бойынша фотосессия жасауға келеді. Кеш барысында болашақ президент сумақай қолын фотограф қыздың жамбасына жүгірткен. Ол ренжіген кейіп танытқан соң, Трамп қолын тартып алған. Бойжеткен полицияға шағымданбапты.
АҚШ-тың жаңа президенті төсекке сүйреген арулар кімдер?Осыған ұқсас жағдай журналист Наташа Стойноффтың басынан өткен. 2005 жылы ол Дональд және Мелания Трамптың үйіне сұхбат алуға барады. Әйелінің көзінше тиісе алмаған ол, Мелания шығып кеткен соң, журналист қызды үйді көрсетпек болғансып бір бөлмеге кіргізіп алған. Бөлмені ішінен жауып алып тиісе бергенде үй қызметшісі өз кілтімен есікті ашады. Абырой болғанда тілшінің жолы болған.
АҚШ-тың жаңа президенті төсекке сүйреген арулар кімдер?Кристин Андерсонды Трамп түнгі клубтардың бірінде жолықтырған. Washington Post басылымына берген сұхбатында Кристин Трамптың әдепсіз әрекетін әшкереледі.

«Ол менің етегіме қол салып, іш киімімнің сыртынан жыныс мүшеме дейін ұстап көрді. Мен оның бұны не үшін істегенін білмеймін. Және бәрі тез әрі кездейсоқ болып кетті, біз тіпті бір-біріміздің көзімізге тік қарап үлгермедік», - деп сипаттайды ол.

АҚШ-тың жаңа президенті төсекке сүйреген арулар кімдер?Дональд Трамп Темпл Таггарттың ернінен сүйіпті.

«Мен оны сол кезде бірінші рет көрдім, ол менің бетімнен емес, ернімнен бір-ақ сүйгенде не істерімді білмедім», - дейді Юта штатынан шыққан АҚШ аруы.

АҚШ-тың жаңа президенті төсекке сүйреген арулар кімдер?Трамптың келесі құрбаны бола жаздаған «АҚШ аруы» Кассандра Сирлз. Ол байқау кезінде қыздардың киінетін бөлмесіне ескертусіз кіріп келіп қызықтағанды ұнататынын айтып берген. Сондай-ақ ол қыздарды қонақ үйге жиі шақырған екен.

Дональдтың нәпсіқұмарлығының құрбаны болғандардың арасында АҚШ аруларының қарасы көп.

АҚШ-тың жаңа президенті төсекке сүйреген арулар кімдер?Ең қызығы бұл арулардың ешқайсысыда да ол үшін арызданбаған. Тек Трамптың бірінші әйелі Ивана Трамп онымен ажырасу туралы құжаттарда одан зорлық-зомбылық көргенін жазған. Алайда былтыр ол сайлауға түсерде Ивана бұл арызын қайтарып алған деседі.