ОҚО әкімі мектеп қабырғасында жүріп қапшықтап мақта терген кезін есіне алды
2016 ж. 14 қараша
2581
0
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мақта терген жылдарын есіне түсірді. Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Ғалымдардың бұл жетістігін тыңдаған облыс әкімі олардың жұмыстарын оң бағалады. Мұнан соң Түймебаев институт ауласында мақта алқабына барып, жастық шағындағы естеліктерімен бөлісті. Тіпті өзі мақтаны қалай тергенін де айтып берді.
«8,9,10 сыныптарға дейін мақта тергенмін. Қатарластарымнан озып та кетпегенмін, орташа көрсеткіш қой. Бір қаптың өзі 8-9 ғана келі болады. Өте жеңіл. Оны теру оңай емес. Тергендер біледі ғой (күліп). «Қос мақтаның» символын білесіз бе? Оны біздің кезімізде қыздарға сыйлайтын», - деді Жансейіт Түймебаев.
Айта кетейік, ауданға жасаған сапарында әкімдік қызметкерлерімен кездескен облыс әкімі бірқатар кемшіліктерді жайып салды.
Мәселен, Мақтааралда жыл басынан бері 38 мектеп жасындағы қыз жүкті болып, 5 жасөспірім суицидке барыпты.
303 мың халқы бар Мақтааралда қылмыс 16,4 пайызға көбейіп кеткен. Сонымен қатар облыс әкімі ауданда Тәуелсіздіктің 25 жылдыққа дайындығы мүлдем сезілмейтінін айтып, жергілікті әкімді сынап алды.