Елбасының Лужковты неге қабылдағаны белгілі болды

Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков 28-қазанда Елбасымен Ақордадағы кездесуінде жер асты суы тасымалына арналған су таратын құбырларды салуды ұсынғанын айтты.

Бұл туралы Лужков РБК телеарнасына берген эксклюзивті сұқбатында мәлімдеген, - деп жазады 365info.kz.

«Нұрсұлтан Әбішұлымен біз осы тақырыпты талқылай бастадық, біз оған тыңғылықты дайындалдық, мен соны қатты қалаймын, бұл идея қолдауға ие болып адамдар жақсы жобаға қол жеткізеді деп үміттенемін» — деді Мәскеудің бұрынғы мэрі.

Оның сөзіне қарағанда,

бұл арада Каспий теңізінің солтүстігінен бастау алып, Маңғышлақ жартылай аралының түбінен өтетін шамамен 200 шақырымдық ірі су құбырының құрылысы туралы сөз болып отыр.

Лужковтың айтуынша, кеңес заманы кезінде ол арада атом су тұщытқыш қондырғысы орнатылған екен, бірақ ол аз су береді, онда да ішуге арналатын суды.

«Жоба ауқымды, 2 миллиард доллардың жобасы. Бұл Қазақстанның батыс өңірінің дамуына серпін беретін ондаған жылдарды алуы мүмкін. Бұл өңірде су жоқтың қасы екені белгілі, — дейді ол. Оның сөзіне қарағанда, Батыс Қазақстанға да су жетіп, бұл ауылшаруашылығы, демалыс орындары секілді бизнестің қанат жаюына серпін берер еді.

Лужков бұл жобаға ақша салуға дайын инвесторлар барын да айтты.

«Біз бұл жобаны зерттеп, ақша салуға құлық танытқан банктік жүйені таптық. Оның қайтарымы — судың ақысы» деген Лужков бұл арада Қазақстан емес, халықаралық банк туралы сөз болып отырғанын меңзеді.

Ал бұл жобаға өзінің қатысы қандай екенін Лужков мырза былайша түсіндірген:

«Ұйымдастырушылық және техникалық жағын орындауды өз мойнымызға алмақпыз, онда да ең алдымен, Қазақстанда өндірілетін құрал-жабдықтарды тұтынамыз. Ресей де осындай жобаларды қолға алса, одан еш ұтылмас еді» .