Медведев жаңа қызметке тағайындалған Сағынтаевқа жаны ашитынын айтты
2016 ж. 27 қазан
2662
1
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті деп хабарлайды primeminister.kz.
Бақытжан Сағынтаев Мәскеуге жұмыс сапары аясында Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, энергетика саласындағы, сауда және экономика, көлік секторындағы және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, алда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД үкімет басшылары кеңесі отырыстарының мәселелері талқыланды.
Медведев кездесу барысында Бақытжан Сағынтаевқа жаны ашитынын жайып салды деп жазады РИА Новости.
"Телефон арқылы емес, бетпе-бет сізге жаным ашитынын айтқым келеді. Себебі, премьердің жұмысы қиын, нон-стоп кестесімен жүретін ел үшін өте маңызды қызмет, біздің екіжақты қарым-қатынасымыз үшін де маңызды. Сізге сәттілік тілеймін", — деді Медведев.
Сағынтаев болса, кездескеніне қуанышты екенін жеткізді.
Еске салсақ, 27-28 қазанда Минск қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес және ТМД үкімет басшылары кеңесі отырыстары өтеді, оған Қазақстан премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысады.