ГОРБАЧЕВ «ҚАЗАҚҚА ЕШҚАШАН БАТЫР АТАҒЫ БЕРІЛМЕЙДІ» ДЕП МӘЛІМДЕГЕН

6
4492

Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы Астананың «Редиссон» қонақүйінде «Қазақстан тарихшылары қауымдастығының» шеңберінде аталып өтті. Бұл жиынның негізгі мақсаты – Желтоқсан оқиғасын зерттеуді халықаралық саясат, тарих, философия, психология және т.б.  ғылымдарының айналымына енгізіп, әлемдік ғалымның зерттеу субъектісіне айналдыру екен. Abai.kz порталының хабарлауынша, шараға алыс-жақын 8 шет елден, еліміздің барлық түкпірінен ғалымдар мен саясаткерлердің шақырылыпты.  

Жиынға құттықтау сөздер айтқандардың қатарында Венгрияның Қазақстандағы елшісі Андраш Барани мырза болып, ол Қазақтың тоталитаризмге қарсы желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толса, Венгрияның 1956 жылғы төңкерісіне 60 жыл болғанын атап өтті.

Қазақтың тұңғыш-ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың де құттықтау сөзі оқылды. Ол өзі жақын туысы қайтыс болғандықтан жиынға келе алмапты. Батырдың сөзінде бұрын айтылмаған бір дерек қылаң берді.

М. Горбачев

1987 жылы Т.Әубәкіров Мәскеуде тұрған екен. Оның сол жылы жасаған ерлігі Батыр атағына ұсынылып, КСРО ЖК хатшысы Т.Ментешашвили Жарлыққа қол қою үшін Горбачевке апарса, «Желтоқсан» үшін халқымызға әбден өшіккен «қалдыбай» оны: «қазаққа ешқашан да батыр атағы берілмейді» деп қолымен қағып жіберіпті. Тек, Т.Әубәкіров партиялық есепте тұрған Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы В.Гришиннің  табанды түрде талап етуінің арқасында ғана Тоқтар ағамыз Батыр атағын алған көрінеді.

Сөйтіп, жат түгіл жақынына істей алмайтын жақсылықты топырағың торқа болғыр В.Гришин қазаққа жасаған екен…

qazaquni.kz

6 ПІКІРЛЕР

  1. Атыңнан айналайын Тоқтар аға халқың барда даңқың асқақтай береді алла сізге ұзақ ғұмыр берсін

  2. Əрине, батыр халықтың жігерін басу, қазақ халқынының алдындағы əлсіздіктері еді. Қазірде арамызға деңдеп сіңіп отыр. осы ауру. Елімізге қазақ халқындай ешкім жаны ашымайды. Біреудің мұңы біреуге керек емес. Арттарында өз елдері тұр. Ешкімге жалтақиамай қашан өзіміз нық тұрады екенбіз. Қарызымызды қалай қайтарамыз. екен. 25 жыл бойы біз баймыз дер бөсіп жүре беріппіз. Батыр азаматтарымыз аман болсын.

  3. Қазақ халқының қан тамырымен тарап үлгерген мəңгүрттік уы ең қауіпті кеселіміз. Билеуші топ əрқашанда хамелеон сияқты, халықтың ыңғайына да, халықаралық жағдайға да қарай, бойын да, ойын да тез түзеп алады. Ақпараттық кеңістігімізді қорғауымыз керек. Ресейлік телеарналар мен сайттарды доғару қажет. Біздің билік басында ресейшіл лобби əлі де тым күшті.

  4. Орыстың бұрынғы-соңғы (қазақ-қа) жасаған опасыздығы мен қияанатыннан арылудың ауылы алысба деп қаласың, солардың сойылын соғар дөкейлерден арылмай!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз