Бердібек Сапарбаев сотта ар-намысын қорғап алды

36
1903

Бердібек Сапарбаев ар-намысын қорғап алды. Астана қалалық Алматы ауданының соты Ақтөбе облысы әкімінің талап арызын қанағаттандырды деп хабарлайды 31 арна.

«Талапкер Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлының жауапкер Егеубаев Айдын Қалдыбайұлына ар-намысқа, қадыр-қасиетті және іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы жартылай қанағаттандырылсын», – дейді Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Бағдагүл Бияхметова.

Осылайша сот шешімімен Айдын Егеубаевтың Youtube арқылы жариялаған мәлімдемесіндегі «Сапарбаев мырзаның тікелей тапсырмасымен қытай азаматтары жер алды» деген сөзі шындыққа сәйкес келмейді деп танылды. Сондай-ақ, дәл осы мәтінде ақпарат агенттігіне берген сұхбатын да сол баспасөз бетінде жоққа шығару міндеттелді.

Азаматтық белсенді бұл шешімді қайта қарауға өтініш береміз деп отыр. Ал Бердібек Сапарбаев моральдық өтемақы ретінде 5 миллион теңге сұраған болатын. Судья, жауапкер Егеубаевтың бес баласы бар екенін ескеріп шенеуніктің ар-намысының өтемін 100 мың теңге деп бағалады.

36 ПІКІРЛЕР

  1. Президент Кучманың айтқаны бар: «Радуются, что наскакивают на Кучму!.. Страна ще будэ плакать о Кучме!»…

  2. 1.»Ескі зат тозар, күтеміз» дейсіз… Бұ дұрыс па – тумаларыңнын тозуын күтуге?.. Ия, тозғанның орнына ноп-новый даналар мен пайғамбарлар келед деп ойлайсыз ба? Керісінше, ұлтымызды түбірінен құртатындар келсе ше? Заманның күрделі-арамзалығын түсінбейсіз ау… Жаңалардың арасында халқына жаны ашитын даналар көрінбейді ау, провокаторлар көбірек… Ал қазақи жақ болса, замананың соңында, шұбырып, өсектесіп, күңкілдесіп, ойсыз-мисыз келеміз!.. Көп проблемаларға өзіміздің жүйелі бағдарламаларымыз жоқ! Бәрін біреулерден күтудеміз! Некрасов айтқандай: «Вот приедет барин, Барин сам рассудит, Барин сам увидит, Что плоха избушка, И велит дать лесу, Думает старушка». Сіз болсаңыз, бәрі тозып кетсін деп күтудесіз ау…

  3. токе еси бар адам ески гвардияга заказ алама? ески зат тозар кутемиз.мен оз оиымды кытаилыктар жерди алганда неге контроль болмаган аким мырзадан соны билгим келед есек емесгои сатып жиберетин.

  4. Бүгінге дейін істелмеген іс істеліп жатыр, соған да күңкілдеу керек па? Бұрынғылар да өзіміздің жігіттер, бірақ баталмады. Бұ кісі әдісін біліп, бірталай жұмысты автоматтық түрде жылжытып атыр ау, соны түсінетін адам болса. Елбасының ескі гвардиясы, Ия, сізде со гвардияға заказ бар ма?

  5. Антонға! Вы других по себе не меряйте! Ал, адам болсаңыз, менің жүздеген коменттарымды оқи аласыз, ешқашан атымды сіздер құсап өзгерткен жоқпын. Сен деуге жетпістен ассаңыз, айта аласыз. Сау болыңыз.

  6. торегали казиев актобеден болдын ау биреулер окып калса екен деп, тегинди де корсетип жазыпсын ?ал акене келсек ско да кошелерин атын озгерткен болса ол баска маселе улкен жаналык болар еди вообще коше атарын озгерти мекен? актобеде озгертилгенди жаналык деп жар салудын кереги жок , сексен процент казагым болса .ал кытаига келсек еш акылым жетпеи жатыр область акими болып жердин кытаиларга берилгенин билмегени ?окиништи ?

  7. Айдын, інім! Адвокат ініме де… Біздің әкімімізге тиісуді қойсаңдаршы ау! Қазір қаламызда оңдаған көшелерімізге қазақи атын қайтарып жатыр о кісі! Тағы да жақсы жұмыстар істелуде… Зуылдамай, сабырға келсеңдерші… Бір біріңізге зиян келтірмей. Жер мәселесіне де нұқсан келтірмеуіне де жол табыңыз, інілерім.

  8. Маржан үшін… Инвестор, инвестиция дегеніміз – неколониализм. Соны біл. «Нұр Отан» үшін… Қытайды мәз ғып, астыртын түрде оларға жаны ашығандай болып, оларға жер сатуға мүмкіншілік бермеген жігіттерді неге соттатасыңдар, ұятсыздар?! Барлықтарың үшін… Пікірлердің бәрі жалған! Тек қана «Анкау» деп аталған пікір жазғыштың сөздері жарасады

  9. Сот дұрыс шешім шығарған екен, әйтпесе блогерлер аузына келгенді айта беретін болды расында да

  10. Бес баласы болса да, адамның сыртынан тон пішіп, ондай әңгімелерді айтпауы керек еді. Енді өзі ұятқа қалып отыр.

  11. бул аким робен гуд болмакшы еди егеубаевтан бесмиллион алса егеубаев женилген жок система женди сол кытаиларга жер сатылылганда каида караган жулдыз санап жургенбе сен бир областын акимсин сен неге билмеисин областында жерин сатылып жатканын аудан акими саткан деиди сенбеим билмеуин моя хата с краю деп актобеде отыр енди.

  12. Сапарбаев мырза нағыз іскер, мықты азамат. Және оған күйе жағудың қажеті жоқ. Ары таза азамат екенін ел біледі

  13. Дұрыс айтасыз, керісінше тартып жатыр өздеріне бізді. Себебі өзге елде жүрген әрбір шетел азаматы сол елге инвестиция құяды. Басшыларға жұмыс жасауға мүмкіндік беру керек, өзгенің намысына тигеннен түк те пайда жоқ!

  14. Қытай Қазақстанның негізгі инвестор елдерінің бірі, олардың біздің елде жүрулерінің де негізгі себебі сол. Біздің де шетелде жүрген қазақтарымыз бар. Солардың бәрі жерлерін алып қояды деп ешкім де қорқып жатқан жоқ қой

  15. Жарайсыз аға! Сіздің мықтылығыңыз бен сауаттылығыңызда шек жоқ. Мына болгер мен өзге де әлеуемттік желіде не болса соны жазатын адамдарға үлкен өнеге болған екен.

  16. Сабақ болатын болды Егеубаевтың әрекеті өзгелерге. Біреуге жала жабуға болмайды ғой, нақты фактлер болмаса тем более

  17. Бұл белсендінің бес баласы барын ескеріп жүз мың теңге ғана беруге шешім шығарыпты. Әйтпесе бес миллионды қайдан табар еді?

  18. Мейлі ол әкім болса да өз құқығын қорғауға қақысы бар. Сондықтан соттың үкімі орынды.

  19. жер беру бір адамның қолындағы дүние емес. Сатқысы келген күннің өзінде басқалардың көмегіне жүгіну керек болады. Бәрібір болмаушы еді-ау

  20. Бердібек Сапарбаев та қазақ қой, ағайын-ау. Қазаққа жаны ашиды. Айтылғанның бәрі өтірік

  21. Жалған ақпарат таратқан адамның артында басқа мақсаттар тұрғаны анық. Сапарбаевтың қарсыластары. Жазасын алуы керек.

  22. Сапабаев бетке ұстар әкімдердің бірі емес пе, оның қытайға жерді бермесі анық! Ауыз өзімдікі деп не болса соны айтуды қоялық!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз