Назарбаев Исекешевке: Енді «жүзбейтін» шығармыз?

Ақордада елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады. Исекешев президентке енді Астанада тұрғындар «жүзбейді» деп уәде етті. Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Назарбаев Исекешевке: Енді «жүзбейтін» шығармыз?Кездесу барысында бас қаланың әкімі президентке Астананың келесі жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне дайындығы және таза суға қатысты жұмыстарды баяндады.

«Таза суды Есілден аламыз. Нұрсұлтан Әбішұлы, Талдыкөл сарқынды су жинақтаушысын жою жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде 60 миллион шаршы метр су 15 миллион метрге дейін азайды. 4 миллион қалдық шығарылды», – деді Әсет Исекешев.

«Енді «жүзбейтін» шығармыз», – деп мемлекет басшысы әкімге сауал тастады.

«Енді сол жағалауда «жүзбейміз». Ал оң жағалауда әлі бірнеше жобаны жүзеге асыруымыз қажет», – дейді Астана қаласының әкімі.

Әсет Өрентайұлы сонымен қатар елбасыға соңғы тоғыз айда істелген жұмыс жөнінде есеп берді.

«Барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер оң нәтиже беруде. Сіздің тапсырмаңыз бойынша Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен алда келе жатқан ЭКСПО көрмесіне дайындық қарқынды жүргізілуде», – деді Әсет Исекешев.

[caption id="" align="aligncenter" width="645"]Картинки по запросу астана потоп Астана көшесі. Фото YouTube желісінен алынған.[/caption]