Назарбаев Исекешевке: Енді «жүзбейтін» шығармыз?

25
2273

Ақордада елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады. Исекешев президентке енді Астанада тұрғындар «жүзбейді» деп уәде етті. Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Кездесу барысында бас қаланың әкімі президентке Астананың келесі жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне дайындығы және таза суға қатысты жұмыстарды баяндады.

«Таза суды Есілден аламыз. Нұрсұлтан Әбішұлы, Талдыкөл сарқынды су жинақтаушысын жою жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде 60 миллион шаршы метр су 15 миллион метрге дейін азайды. 4 миллион қалдық шығарылды», – деді Әсет Исекешев.

«Енді «жүзбейтін» шығармыз», – деп мемлекет басшысы әкімге сауал тастады.

«Енді сол жағалауда «жүзбейміз». Ал оң жағалауда әлі бірнеше жобаны жүзеге асыруымыз қажет», – дейді Астана қаласының әкімі.

Әсет Өрентайұлы сонымен қатар елбасыға соңғы тоғыз айда істелген жұмыс жөнінде есеп берді.

«Барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер оң нәтиже беруде. Сіздің тапсырмаңыз бойынша Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен алда келе жатқан ЭКСПО көрмесіне дайындық қарқынды жүргізілуде», – деді Әсет Исекешев.

Картинки по запросу астана потоп
Астана көшесі. Фото YouTube желісінен алынған.

25 ПІКІРЛЕР

  1. 1/4 емес, 1/3 деңіз, бұл проблеманы көтергеніне көп бола қойған жоқ, бірақ соған қарамастан су жиналмасын жою бойынша біраз жұмыстар атқарылыпты

  2. Өткен жолы да елбасы осы Талдыкөл мәселелсін әкімге тапсырма қылып қойған еді.Тапсырма бойынша жұмыс жасалып жатыр деген сөз 15 млн метрге дейін азайса, сасық судың 1/4-і жойылғаны

  3. Жүзбейміз деп үміттенеміз)) Бірақ, уәж айта берсек таусылмайды. Барды бар деп айта білу керек. Астана күннен күнге жайнап келе жатқан қала. Еліміздің жүрегі

  4. сонда сол жагын истеген ба,ал биз жакты али дурстамаган ба,биз не дам емеспыз ба не ) тезирек истесин,резиновый етикпен жиланий жок журуге

  5. Өткен су алып кету оқиғаларын ұмыта қоймаспын. Не деген ұят тірлік болды. Келген қонақтардан да ұят. Бір қуантатыны сол, арнайы көліктермен тез арада жерді құрғатып жіберді. Оған қанша қаржы кеткенін Құдай білсін. Исекешев сөзінде тұрмаса, қызметінен алып тастаса да жарасады.

  6. Астанадағы су алып кету мәселесін ЭКСПО-ға дейін абырой болып реттеп алсақ игі. Исекешевтен көп үміт күтемін өз басым

  7. Исекешев жақсы жұмыс істеп жатыр екен ғой. 60 млн кв м-ден 15 млн-ға азайыпты. Алған бетінен қайтпаса уәде орындалмай қоймас

  8. Елбасы тікелей өз бақылауына алғаны дұрыс болды. Әйтпегенде биыл да жолдан өте алмай, не көліктен шыға алмай отыруы едік

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз