Түймебаев жаңа қызметін ақындарға құрмет көрсетуден бастады (ФОТО)
2016 ж. 10 қазан
3573
2
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне кіріскен Жансейіт Түймебаев жаңа жұмысын ақын Мұхтар Шахановпен бірге Шәмші аллеясындағы қазақ вальсі королінің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастады.

Облыс әкімі Шәмші Қалдаяқов атындағы «Арыс жағасында» VII ретро-фестиваліне арнайы келген ақындар Мұхтар Шаханов пен Исраил Сапарбаевқа, әнші Нұрғали Нүсіпжановқа оқалы шапан кигізіп, қазақ вальсі королінің жесіріне сый-сияпат жасады.



