Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)

Олар қашан, қандай сөздерімен жұртқа жақпай қалды? Жұрт жадында келеңсіз оқиғалармен жатталып қалған шенеуніктер мен халық қалаулыларын NUR.KZ порталы еске түсіріп көрді.

Ел алдында аңдамай сөйлеген билік өкілдері, тіпті, халық қалаулыларының қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы қалыптасқан бүгінгі бейнесі қандай?

1. Гүлжан Қарағұсова - Парламент мәжілісінің депутаты, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсованың "Пекин Палас" қонақүйінде бірқатар әріптестерінің уақытша тұрып жатқаны туралы айтқан пікірі қоғамда үлкен дау туғызған еді. Депутаттың эмоцияға беріліп, "Кім қалай қамтамасыз етілсе, солай жұмыс атқарады" деген сөзін естіген желі қолданушылары оған қарсы түрлі мазақ суреттер мен пікірлер жазған болатын. Тіпті кейбір Facebook қолданушылары депутаттың отставкаға кетуін талап еткен еді.

2. Сергей Кулагин – Ақмола облысының әкімі

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)Жер реформасы жөніндегі комиссияның Көкшетауда болған алғашқы көшпелі отырысында өзінің 80 мың гектар егістік жері барын ашық айтқан соң, бұл шенеунікті әлеуметтік желіде табалау басталды. Пікір білдіргендердің арасында «мынау деген масқара ғой», «біз 10 сотық жер сұрай алмай отырсақ, ал мынау 80 мың дейді», «билікте кәсіпкер отырса, ол тек өз қамын ғана ойлайды», «оған бәрі рұқсат етіледі, ол әулие ғой» дегендер табылды.

Кезінде шіркеуге өзін әулие етіп салып қойып аты шыққан Сергей Кулагин мемлекеттік қызметте тамыр-таныстары арқылы жүргендерді құртып, тек жұмыс істейтіндерді қалдыратынын мәлімдеген болатын. Облыс басшысының өз ұлы Павел Кулагин де Астанадағы бір ауданға әкім болып отыр.

3. Бекболат Тілеуханов – Парламент мәжілісінің депутаты

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)Халық қалаулысының қоғамда үлкен резонанс туғызған жерді жалға беру мәселесіне байланысты айтқан мәлімдемесі ел есінде. «Жер – Анамызды жалға бермесек, онда оған дәрет те сындырмайық» деген сөзінің арты әлеуметтік желіде қатты талқыланды.

Бекболат Тілеуханның: «Жер – Ана, ананы жалға бермеймін» деген сөз шықты. Ол – дұрыс емес. Онда жердің үстіне дәрет сындырып жүргеніміз қалай? Жерім деп айқайлай бермейік, елдің шаңырағын шайқап алмайық. Түйткілді мәселе көп», – деген мәлімдемесінен кейін біраз жұрттың көңілі шайлыққаны рас.

Кейін Бекболат Тілеухан жерді жалға беру мәселесі көтерілген кезде өзінің әлі депутат болмағанын айтып, ақталған еді.

Оның Facebook-тегі парақшасына желі қолданушыларының бірі : «Бекболат Тілеухан ағамыз депутат болмай жүрген кезі жақсы екен, депутат болып ағыстан жүзіп жағаға шыға алмай жүргенінен. Халықтың жоғын жоқтар ұлттың қамын ойлар деп едік , барған парламентіне тастай батып судай сіңді ау» деген пікірлер қалдырған.

5. Қуаныш Сұлтанов – Парламент мәжілісінің депутаты

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)Жақында депутат Қуаныш Сұлтанов қазақ елінің мемлекеттігі болмады деген сөзі үшін сынға ұшыраған болатын. G20 саммитінде аясында сөйлеген сенатор «Қытай өзі дәстүрлі халық. Дәстүріне көп сүйенеді. Бұрын-соңды олар Қазақстанды ешқашан мемлекет деп мойындаған емес. Кезіндегі шекара бөлістері 1880 жылғы(?), 1860 жылғы(?) шекара бөлістерінің бәрі Қытай мен Ресейдің арасында болған. Біздің қазақтың жерін бөлгенде қазақ қатынаспаған. Неге қатынаспаған? Мемлекет болмағанбыз. Біз Ресейдің құрамында болғанбыз. Осыны біз қадірлей білуіміз керек. Осыны біз бағалай білуіміз керек…», - деп сөз алған.

Көпшілік қызу талқылаған тақырыпқа қатысты депутат өз жауабын берді. «Бізді, қазақ жерін Ресей мен Қытай кезінде бөлген. Сөйтіп, шекара өткен. Бірақ қазақ қатынаспаған. Неге қатынаспаған? Оған қатынаспаған себебі мемлекет болмағандықтан деген сөз айтылды. Ол жерде жалпы мемлекеттің тарихы туралы әңгіме болған жоқ. Контекстен жұлып алып берген», - деп ақталды Сұлтанов.

6. Ерлан Сағадиев - Білім және ғылым министрі 

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)Реформасы сынның астында қалып жүрген бастамашылдардың бірі Ерлан Сағадиев. Білім министрінің үш тілде білім беру жүйесі жұрттың түсінбеушілігін туғызды. Үш тілде білім берудің мақтауын асырған министр осы реформаға қарсы шығып, өзіне ашық  хат жолдаған ұлт зиялыларын сынға алғаны есте. Жаңа жүйені түсінбей жатып, сыртынан тон пішкен ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің бюджет ақшасына ұл-қызын шетелде оқытып жатқанын бетіне басқан еді министр.

Сағадиевтің «студенттерге тек тәуелсіз Қазақстан тарихын оқытамын» деген кезекті бастамасы да мәжілісмендердің наразылығына ұшырағаны белгілі.

7. Қайрат Келімбетов – Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)2014 жылдың 11 ақпанында теңгенің құлдырауынан соң, Ұлттық банкке де, оның сол кездегі басшысы Қайрат Келімбетовке де халық сенуден қалған еді. Девальвациядан соң халық оның отставкаға кетуін талап етті. Келімбетов мырза бұл талапқа: «Маған жұмыс беруші – мемлекет басшысы, сондықтан бұл шаруа менің құзырымда емес»,- деп жауап берген болатын. Әлеуметтік желіде бас банкирді мазақ ететін демотиваторлар көбейіп кеткен еді.

8. Ерболат Досаев – Экономика және бюджетті жоспарлау экс-министрі , «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы

Ел алдында сүйкімі кеткен шенеуніктер кімдер? (фото)Ерболат Досаев басқарған министрлік 2013 жылы бірқатар салықты жоғары көтеру туралы ұсынысымен есте қалды. Оның ішінде баспана және көлік cалығы да бар еді. Парламенттегі қызу талқыдан соң бұл салықты молшылық салығы деп атады.

2004-2006 жылдар аралығында Денсаулық сақтау министрі қызметінде жүргенде Досаевтың басы талай дауға қалғаны есте. Жарамсыз вакцина сатып алуға кеткен 250 миллион теңгенің мақсатсыз жұмсалғанын депутаттар мәлімдеген болатын. Тікелей қатысы болмаса да, министрлікті басқарып тұрған уақытта орын алған ОҚО-дағы 100-ден астам баланың ВИЧ жұқтыруы қоғамды шулатқан.