Бейбіт Атамқұлов Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды

0
1406

Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын», – делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысын басқарды. Енді өңірге бұрынғы Білім министрі, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев басшылық етеді.

Айта кетейік, кеше 6 қыркүйекте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз