Путин Астанаға келді

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Астанаға келді деп хабарлайды 24.kz.

Путин Астанаға келдіРесей басшысы Астанада өтетін екі елдің өңіраралық ынтымақтастығы ХІІІ форумының пленарлық отырысына қатысады.

Айта кетейік, «Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту» жиынның басты тақырыбы болмақ. Одан бөлек, экспортты қолдау, туризм, жастар саясаты мен ғылым мәселелері де қозғалады. Форумға қатысушылар ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің нысандарын аралайды деп жоспарланып отыр.

Кездесу барысында Еуропалық экономикалық одақ аясындағы Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы талқыланады деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Кездесу соңында Путин мен Назарбаев екі елдің ірі кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетін Ресей-Қазақстан бизнес-форумында сөз сөйлейді.