Қуаныш Сұлтанов қазақтардың мемлекеті болмады деп не үшін айтқанын түсіндірді

Жақында депутат Қуаныш Сұлтанов қазақ елінің мемлекеттігі болмады деген сөзі үшін сынға ұшыраған болатын. Көпшілік қызу талқылаған тақырыпқа қатысты депутат өз жауабын берді.

Қуаныш Сұлтанов қазақтардың мемлекеті болмады деп не үшін айтқанын түсіндірдіБұл туралы Елана сайтында журналист Нағашыбай Қабылбек жазды.

— Қуаныш Сұлтанұлы, Сізге жалғыз сұрағым бар. Ол әлеуметтік желілер мен сайттардағы сізге қатысты даулы мақала жайлы. Сіз одан хабардар боларсыз?

— Иә, оқыдым, білемін.

— Неге олай айтқаныңызды білгіміз келеді. Жалпы, өзіңізді қаралап жатқандарға қандай уәж айтасыз?

— Бұл жерде сөз былай айтылған. Бізді, қазақ жерін Ресей мен Қытай кезінде бөлген. Сөйтіп, шекара өткен. Бірақ қазақ қатынаспаған. Неге қатынаспаған? Оған қатынаспаған себебі мемлекет болмағандықтан деген сөз айтылды. Ол жерде жалпы мемлекеттің тарихы туралы әңгіме болған жоқ. Контекстен жұлып алып берген. Мемлекет болмады деген сөзді айтқанда қандай да бір жала жаба беруге болады.

Көкейдегі көп сауал осылайша кеудемде тұншығып қалды. Соңғы уақыттары ресейлік саясаткерлер «Қазақтарда мемлекет болмаған, мемлекет болмағасын, шекара қайдан болсын» деп екі күннің бірінде сұхбат беріп арандатып жатыр. Жалпы, осы бір «мемлекет болмаған» деген тіркесті айтуда абай болған дұрыс-ау.