Назарбаев бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізді
2016 ж. 28 қыркүйек
3082
7
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізді деп хабарлайды NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;
Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;
Талғат Маратұлы Татубаев Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне;
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстанның Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне;
Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметіне тағайындалды.