Төлешов беделі үшін "ядролық шабаданы" бар адамды қасында ұстап жүрген

Есімін жария етпеуді жөн санаған бұрынғы полицей КТК арнасының "Портрет недели" бағдарламасында кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің оғаш әрекеттері туралы баяндап берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Today.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төлешов беделі үшін "ядролық шабаданы" бар адамды қасында ұстап жүрген"Сыра патшасы" өзіне "президенттік бедел" құру үшін қасында "ядролық шабаданы" бар адамды ұстап жүрген екен.

"Фильмдерде ресейлік немесе америкалық президенттің қасында "ядролық шабаданы" бар адам жүретіні секілді ол да солай істейтін. Ол өзін патша сезінетін", - дейді экс-полицей.

Бұрынғы полицейдің айтуынша, Тоқтар Төлешов белсенді түрде шетелдік іссапарларға шығып, Монако князімен, Ресей, Франция және өзге де елдердің саяси қайраткерлері әрі бизнесмендерімен кездесіп тұратын. Осылайша ол өзінің танымал адам ретіндегі имиджін құрмақ болған.

Бұдан өзге "сыра патшасы" 10 үйден құралған жеке резиденция салдырып, ол жерге отбасы мүшелерін жайғастыруды көздеген. Ол үшін, тіпті ыңғайлы жер учаскесін де қарастырып қойған көрінеді.

"Ол "аспанда құдай бар, ал Шымкенттегі құдай - Тоқтар Төлешов" деген сөздерді айтқанды ұнататын", - дейді экс-полцией.

Еске салсақ, Тоқтар Төлешовке  мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болған деп айып тағылды.