Дөрекі сөйлеген әкім өз еркімен қызметінен кетуді ұйғарды
2016 ж. 24 қыркүйек
2267
0
“Қатты сөйлейсің” деген әйелінің ескертуіне құлақ аспай, көпшіліктің наразылығын тудырған Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымов ақыры өз қалауымен жұмыстан кетуді ұйғарыпты.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Дәл осы видеода тұрғынға дікіңдей сөйлеген Қапшағай қаласының әкімі бүгін әдеп кеңесінде түсініктеме беруі тиіс болған. Бірақ отырыс кейінге шегерген. Дегенмен Қапшағай қаласының әкімі бұл әрекетіне қатысты енді мүлдем жауап бермеуі мүмкін. Себебі ол жұмыстан кету туралы түбегейлі шешім қабылдап, өз қалауымен әкім креслосымен қоштасуға бел буыпты. Алайда оны жұмыстан шығару-шығармау туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ.
Бұған дейін әкім мен тұрғын арасындағы әңгімеден шыққан шулы бейнежазба жайлы материал жариялаған едік. Әкімнің өзі тарап кеткен шулы видеоға пікір білдірді.