ҚАЗАҚ ҮКІМЕТІ НЕГЕ АЗШЫЛЫҚТЫҢ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙДІ?

28
3711

 

«Өздеріңді түзелер дей алмаймын»

Жоқ, бұл үкімет Қазақстанның емес, Қазақстан халқы ассамблеясының үкіметі екен. Азшылықтың тіліндей сөйлейді. Демек, аз ғана топтың ғана мүддесіне әрекет етсе керек. 70 пайыз халықтың тілінде сөйлеп, соның мүддесіне сай іс істесе, баяғыдан бәрі басқаша болар еді. Жылдар бойы шешімін таппай қордаланған саяси, экономикалық мәселелердің шешуі де сонда…

Жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қой маңырайды. Ал, қазақ Үкіметі орысша сөйлейді… Не істейсіз? Жылайсыз ба, күлесіз бе, күресесіз бе?

Қазақ қоғамының жауабы белгілі: «Үндемеген үйдей бәледен құтылады», «Өзіміздің екі-үш аман болсын, басқасы өлмек түгілі өмірем қапсын», «Тек жүрсең, тоқ жүресің» «Осығанда тәуба!» т.с.с. Ал, әр қазақтың ата-бабасы жаужүрек, күрескер, сұңғыла, әділетсіздікке төзбейтін, ұлттық намысына шіркеу түсірмейтін еңіреп туған ер болған!..

  Өміржан Әбдіхалықұлы

  Фейсбук парақшасы

28 ПІКІРЛЕР

  1. Эмоцияға берілудің қажеті жоқ, бәрі ақырын өз арнасына келе жатыр, ол күн де болады, шулатып орта жолдан кдергі болмаңдарш

  2. Абылай сол ушын укметте отыргандарга жалакы машина уи барлык жагдай жасап кои сонда калай тусинемиз кандай жумыс аткарып жатканыда дегенге

  3. Басты назар қай тілде сөйлеп жатқанында емес, қандай жұмыс атқарылып жатқандығында деп есептеймін, бастысы халық түсінсе болғаны

  4. Мемлекет бұл мәселеге көңіл бөлмейді деп айта алмаймын, себебі тілтану орталықтарында мемлекет қызметкерлеріне қазақ тілін оқытатын тегін курстар ашық

  5. Қазақ тілінің статусы тәуелсіздік алғаннан бері біраз деңгейге көтерілді, мысалы әр жыл сайын 22- қыркүйекте тіл мерекесін атап өтетін болдық

  6. Басшының көбі кеңес заманына келе жатқан тәжірибелі маман болғаннан кейін орысша сөйлегендеріне түсіністік білдіруіміз керек, сондай -ақ көпұлтты ел екенімізді де ұмытпаған жөн. Бәрін қойып, орысша сөйлейсің деп білікті мамндарды шығара берсек не болмақ?

  7. Орыс тілі әлемдік тіл емес, дұрыс сөйлей алмаса да, орысша сөйлеп-ақ патриоттығы жөнінен қазақша сөйлейтіндерден асып түсетін азаматтар да бар.

  8. Бәрі орыс тіліне сонша жау болып не болды? Кезінде балабақшаларға дейін дені орысша болды, мектептерде көбі орыс сыныптары болды, ал қазір құдайға шүкір деуіміз керек, қазақ балабақша мен мектептерінің үлесі 70%-дан да көп

  9. Үкіметке құрмет жоқ деп айта алмаймын, бір адамдай құрметтейді. Көбісі кеңес заманынан келе жатқан тәжірибелі мамандар болғасын кешіруге болады орысша сөйлегендерін. Болмаса орысша сөйлейсің деп білікті мамандарды қазірден жұмыстан шығара берсек елдің тқрмыс тіршілігіне де әсерін бермей қоймайды.

  10. Халқы өкіметін құрмет тұтқан замандар келмеске кетті. Оны кейбір адамдар əлі түсінбей отыр. Халық ішінде де, өкімет ішінде де, түсінгісі келмейтіндер баршылық. Бірақ заман бетбұрысы сол. Халық өкіметіне енді «қожайыным» деп емес, «қызметшім» деп қарайтын заманда тұрып жатырмыз.

  11. 70%емес92%-ға жеттіҚазақ.оны көрместер ғана «көрмей»отыр.көпшілікті азшылықтың тілінде сөйлетуге мəжбүрлеп қана қоймай мектептегі қазақ тіліне дамыл бермей 3тілді аждаһаны ойлап тауып отырғаннын куəсі болып отырмыз. ал енді қазақтан ұл деген атқа лайықты ер табыла ма осы 3басты аждаһамен алысуға .

  12. Керемет, осылай төпелей беру керек).Әбден біткендер болмаса мүмкін бір селт ете ме екен, әлде шыдамы өзі де жетіп тұрған халықты көшеген шығарар ма екен?

  13. Халық көпшілігінің тілектерін елемей, аз жағының сөзін сөйлеген өкімет орнынан түсуі керек, өйткені, ондай өкімет заңсыз.

  14. Президентіміз заң шығаруы керек. Үкімет, парламент жəне басшылар қазақша сөйлемесе қызметтен босатыласыңдар деп. Барлығы қазақша сайрайтын болады.

  15. Қазақ өз елінде отырса да, көпшілік болса да, өз əмірін жүргізе алмай отырған халық. Қазақтың билігін екіжүзді сатқындар иемденіп алған.

  16. ҚАЗАҚ ҮКІМЕТІ НЕГЕ АЗШЫЛЫҚТЫҢ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙДІ?
    Бұл үкімет Қазақстанның емес, Қазақстан халқы ассамблеясының үкіметі екен. Азшылықтың тіліндей сөйлейді. 70 пайыз халықтың тілінде сөйлеп, соның мүддесіне сай іс істесе, баяғыдан бәрі басқаша болар еді.
    Жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қой маңырайды. Ал, қазақ Үкіметі орысша сөйлейді… Не істейсіз? Жылайсыз ба, күлесіз бе, күресесіз бе?
    http://www.qazaquni.kz/2016/09/23/58394.html

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз