ЗИЯЛЫЛАРЫМЫЗ ЗАҢМЕН ОЙНАП ЖҮР
2011 ж. 01 наурыз
2462
8
Бүгінгі таңда мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында (ЖОО), т.б. білім ордаларында орамал немесе хиджап киген мұсылман қыздардың сабаққа қатысуына, жатақханада тұруына, тіпті орамал тартып жүруіне үзілді-кесілді тиым салатын, ашықтан-ашық оқудан шығарып жібермесе де олардың жүріс-тұрысына күмәнді көзқараспен қарайтын, тіпті олардың іс-қимылдарын ешбір дәлесіз бақылайтын, декандар мен оқу ісі жөніндегі проректорлар «неге орамал тағасың?» деп тергейтін, жалпы бір сөзбен айтқанда, олардың заңды құқықтарына араласатын жәйттер жиі-жиі жүз беруде. Бұған үнемі жоғарыдан келген нұсқауларды және оқу орнының ішкі ережелерін яғни нормативтік құқықтық актілерді көлденең тартып жатады. Ақиқаты сан мәрте респубикадағы имамдар мен ҚМДБ кызметкерлері тарапынан айтылса да қазақ коғамында күні бүгінге дейін нүктесі қойылмаған маңызды мәселе болып отыр. Қалай маңызды дейсіз бе? Аллаһ Тағала Құранда: «Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары. Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. ... Әй, мүминдер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар» («Нұр» сүресі, 31-аят), — делінген. Сондықтан бұл Аллаһтың парызы, маңызы да осында. Исламды ұстанып тазалыққа бет алған қыздарымызға бұл пазызды орындауды ата дініміз Исламның талабы. Біздің зайырлы, демократиялы қоғамда бұл үшін заңдық негіз бар. Мәселен, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары». 14-бап, 2-тармақа: «...дiнге көзқарасына, нанымына... байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды», 19-бап, 1- тармақта: «Әркiм өзiнiң ...қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» деп ашық жазылған. Сондықтан, оқу орындарының тіпті олардан жоғары тұрған шененеуніктерінің талаптары Конституцияға қайшы келсе, онда ол талаптар заңсыз деп танылады. (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңы; 4; 6 бап) Міне, осыған қарамастан күні кеше экс-министіріміз бастап, бүгінгі күн ректорларымыз бен директорларымыз қостап, өңкей зиялы қауым тәрбиелейтін «зиялылармыз» Құран үкімімен және еліміздегі ең жоғары заңдық күші бар Қазақстан Республикасының Конституциясымен әл-дәрменінше күресіп жатыр. Құранға қарсы келудің заңдық үкімі жоқ болса да, Конституциямен күресіп, адам құқықтары мен бостандықтарын шектеу Респуликамыздың заңнамаларына сай қылмыс болып табылады. Сенбесеңіз қараңыз: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi, 3-тарау, 141-бап. 1-тармақта: «Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын ... дiнге көзқарасы, сенiмi ... немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу - екi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады» делінген. Сонымен қоса, бұл «зиялыларымыз» қылмыс салмағына қарай қомақты айыппұл салынуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалануы бек мүмкін. (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi, 3-тарау, 141-бап. 2 тармақ) Бірақ бүгінгі қоғамда тәнін сатып жүрген қыздардың «құқығын қорғап», оларға жезөкшелер үйін заңдастырып беруді көтеріп жүрген шенеуніктер арасынан жүрегіне иман, жүзіне ұят ұялаған қыздарымызды «шешіндіруге» құмарлануының байыбына бару қиын болып тұр. Қазіргі колледждер мен ЖОО тексеретін болсақ, олардың ішінен небір «түнгі көбелектерді» табу қиын емес. Тіпті мектеп оқушылары арасында секстің кең қанат алуының қаупі туралы ғаламтор беттері дабыл қағып жатыр. Оң босағаны аттамай жатып, «тұнығын былғап», соның соңында жүкті боп, аборт жасатып жүрген «шірік жұмырқалармен» күреспейтін ректор, директор сияқты кейбір «ұлт зиялылары» қыздарымыздың діни сенім мен бостандығын аяққа таптап, еліміздің заңымен ойнап жүр.
Оразбек САПАРХАН