Тони Блэр Қазақстан үкіметіне кеңесші болудан бас тартты

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі өзі құрған консолтингтік компаниясын таратып, қыруар пайда әкеліп отырған бизнесін жаппақшы.

Тони Блэр Қазақстан үкіметіне кеңесші болудан бас тарттыБұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Сондықтан бірқатар мемлекеттермен жасаған келісім-шартын дереу үзіп жатыр. Бұлардың арасында Қазақстан да бар.

Әлемдегі ең ықпалды саясаткер Қазақстанмен 5 жылдай жұмыс істеген. Дәлірек айтқанда, біздің үкіметке ауқымды саяси-әлеуметтік реформалар жүргізу жөнінде кеңес беріп келген болатын. Блэр бастаған сарапшылардың ел экономикасын алға жылжытуға қандай құнды ақыл бергені белгісіз.

Дегенмен, құны қымбат саясаткер өз қызметі үшін Қазақстаннан жылына кемі 6 миллион доллар жалақы алды. Бизнесін жапқан экс-премьері енді тапқан таянғанын қайырымдылық жобаларына салмақшы. Тақтан түскен соң Тони Блэр мұнайға бай елдерінің басшыларына жалданып экономикалық реформалар жасауға көмектескенін айта кетейік.

Британияның бұрынғы премьері кезінде Ливия көсемі Муаммар Каддафидің де кеңесшісі болған.