Исекешевтің орынбасары өз жұмысын білмей ме?!.
2016 ж. 20 қыркүйек
3710
1
Үкімет отырысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың сұрағына жауап бере алмай үнсіз қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде біз аталған белдеу аясында Ақмола, Қарағанды облыстарымен тығыз қатынаста жұмыс істеудеміз. Осы ретте барлық ірі сауда нысандарында арнайы орындарды қамтамасыз еттік. Күн сайын жәрмеңкелер өткізілуде және екі өңірдің барлық ірі тауар өндірушілері қаладағы үш ауданның аумағында жәрмеңкелерге қатысуда», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.
[caption id="" align="alignleft" width="355"] Қосман Айтмұхаметов[/caption]Өз кезегінде үкімет басшысы елорда әкімі орынбасарының сөзін бөліп: «Қосман Қайыртайұлы, мен басқа мәселені сұрап отырмын. Арнайы «ҚазАгро» арқылы қаржы бөлініп, жобалар іске асырылды. Бұл жобалар қандай нәтиже берді, азық-түлік белдеуі тұрғысында арнайы қанша жоба іске қосылды?», - деген сауалын қойды.
Алайда әкім орынбасары бұл сұраққа үнсіз қалды.
Еске сала кетейік, Қосман Айтмұхаметұлы бұл қызметке Әділбек Жақсыбековтің кезінде тағайындалған болатын.