Сағынтаев рейтинг қуалаған СҚО әкімін сынға алды
2016 ж. 20 қыркүйек
2141
0
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановты рейтинг қуалаудың орнына, жүйелі жұмыс атқаруға шақырды. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Сіздерде қанттың, тұздың, қарақұмықтың, ет пен пияздың бағасы өсіп жатқаны байқалады. Аграрлық аймақ болса да, нанның бағасы ең қымбат болып тұрғаны қалай", - деп сынады премьер.