Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

ТМД мемлекеттері басшыларының Бішкекте өткен саммитінде бір креслода отырған Ресей және Қырғызстан басшылыраның фотосы желіде үлкен танымалдылыққа ие болуда. Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Фотодан Атамбев пен Путиннің бір креслода отырып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мұқият тыңдап отырғанын байқауға болады.

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)Facebook желісінде бұл сурет жүздеген лүпіл жинап, желі қолданушылары президенттердің күлкілі суреттерімен бөлісуде.

Сонымен қатар желі қолданушылары бұл суретке қарап Путин мен Атамбаев Назарбаевтан кезекті рет кеңес сұрап отырғанын, елбасы өзінің даналық ақылын айтып отырғанын жазуда.

Еске сала кетсек, 16 қыркүйекте Қырғызстан астанасы Бішкекте ТМД елдері басшыларының саммиті өтті Жиынға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей мен Тәжікстан президенттері қатысты.