Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Марат Бекетаевты Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындау туралы" жарлыққа қол қойды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды"Марат Бақытжанұлы Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген жарлықта.

Бұған дейін Әділет министрі қызметін Берік Имашев атқарып келген. Ол президент жарлығымен Орталық сайлау комиссиясына төрағалық ететін болды.

Марат Бекетаев 1977 жылы дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. 200 жылы Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдады.

Бекетаев 2015 жылы президент жарлығымен Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінде болды.

"Құрмет" (2011 жыл) орденімен марапатталған.