ЭКСКЛЮЗИВ: Қазақстанда Дін істері және азаматтық даму министрлігі құрылмақшы

2
3587

Қазақстанда түрлі діни ағымдардың көбейіп, оның халыққа зияны тиіп жатқан соң билік тарапынан нақты қадамдар іске асырыла бастаған секілді. Енді елімізде Дін істері және азаматтық даму министрлігі құрылмақшы, – деп хабарлайды «Қазақ Үні» ұлттық порталына сенімді дереккөзі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР Премьер-министрі ҰҚК төрағасы болып тағайындалып, үкімет таратылғаннан кейін, еліміздің саясаттанушылары Мәсімовтің орынына кім келеді деген түрлі жорамалдар айтты. Кеше Елбасының жарлығымен Премьер-министр болып Бақытжан Сағынтаев, ал Вице-премьер болып Асқар Мамин тағайындалғанын хабарлады Ақорда.

Атап өту керек, кешегі кеңейтілген үкімет отырысында Н. Назарбаев министрлер кабинетінде үлкен өзгерістер болмайды деп сендірген еді. Алайда, сенімді дереккөздің хабарлауы бойынша Қазақстанда жаңа министрлік құрылмақшы секілді.

Картинки по запросу бағлан майлыбаева
Бағлан Майлыбаев

Дін істері және азаматтық даму министрлігін Бағлан Майлыбаев басқарады деген болжам айтылуда.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда Бағлан Майлыбаев ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарып отыр.

Мақаланы «Қазақ Үні» ұлттық порталының рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады! 

2 ПІКІРЛЕР

  1. Ит үре береді, көш жүре береді!
    Салафия ол секта емес ағайын! Дүңше матруди ағымындағы молдалар солай көрсеткісі келеді! Себебі олар яғни Салафилер адалды адал, арамды арам деп ақиқатты айтып айыптарын халыққа ашқаны үшін жек көреді! Айналайын халайық жер жүзінде адамдарды қырып, жарып, бей күне жандарды өлтіріп жатқан бұлар Салафилер емес! Альхамдулиллаһ Салафи адам-ол Патшасына бағынып, жұмысын адал жасап, елінің өркендеуіне, жерінің тыныштығына үлес қосып жүрген қарапайым адам!
    Ата-бабамыздан қалған ұлы сөз барғо:
    «Жақсылар- жақсымыз деп айта алмайды,
    Жамандар- жақсымыз деп айқайлайды» сол заманғада келіп жетіппізғо!
    Пайғамбарымыз Мухаммад (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) айтты:
    «Ислам жат болып келді және жат болып кетеді» деген екен!
    Оян Қазақ!

  2. Масқара болды! Дін министрлігін ұйғарудан бас тарту керек болатын. Бұлай істеуге болмайды. Естеріңде болсын: дін күшейсе – діни экстремизм де күшейе түседі. Діннің үдеуіне тосқауыл қойыңдар. Мен мұсылман қауымына жататын болсам да, мешітке жоламаймын. Неге деші? Мешіттің маңайындағы сөздерді естісеңдер бар ғой басың қазандай болады, бір-екі ай арасында мен салафитпін деуге тура келеді. Рас! Кәзір болса болмас мешіттерде біз үшін Ақорда министрлік ашып жатыр деп тойлап жатыр кейбіреулер. Келешекте ақыр аяғы бір исламшыл дөкей өкімет басшысы бола салатын сияқты болып тұр. Оны 4-5 миллион болып қалған діншілер электораты таққа өзі отырғыза салады. Ол туралы соңғы 5-6 жыл бойы мусылмандар өзара әңгімелерінде айтып жүр еді. Соған жақындап қалдық па, білмеймін. Қазақстанда осыдан 20-30 жыл бұрын дін болмаған деп есептеуге де болар еді. Ал сендер не істедіңдер? Қазақ жерінде діншілерге еркіндік беріп қойғандарыңа талай жыл болды! Діншіл, ұлтшыл деген сөздерді мақтанышқа айналдырып қойдыңдар. Қазақстан зайырлы мемлекет жолынан адасқандай болды. Исламшыл мемлекетке айналғалы тұр. Дін, діни басқармалар мемлекет жағынан көмек ретінде қаражат алатын болса, соның өзі зайырлы мемлекеттің Конституциясын бұзушылыққа жатады. Ал сендер болсаңдар діни басқармаларын бюджеттік дотацияға баяғыда отырғызғасыңдар, мыңдаған мешіт салғыздыңдар, бүкіл әлемнің діншілерін Астанаға талай рет тойға шақырып тойлаттыңдар халық қаражатын шашып! Нәтижесіне жаңа ғана жеткен сияқтымыз дейді мұсылман қауымы өз-ара әңгімелерінде. Қандай нәтижелерге деші? Радикалдар пайда болды, салафиттер оянды! Соны көріп тұрып Ақорда басшылары дінді мемлекет дәрежесіне одан арман көтерген болды. Дін министрлігін ұйғарды! Бас тартыңдар ондай әрекеттеріңнен. Діни мемлекеттің бастапқы сатысы деген сол болады. Діннің үдеуіне тосқауыл қоймасаңдар болмайды. Сол туралы біліңдер, ағайын!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз