Ғалымдар жаңа паразит құртқа Президенттің есімін берді
2016 ж. 10 қыркүйек
4249
1
Сент-Мэри колледжінде жұмыс істейтін америкалық биолог Томас Платт ұсақ жалпақ паразит құрттың жаңа түріне АҚШ президентінің есімін берді деп хабарлайды 24.kz.

«Мен үшін бұл президентімізге деген кішігірім құрмет», - дейді ғалымның өзі.
Baracktrema obamai құрттары тасбақаның қанында өмір сүреді және адам үшін қауіпті індет таратуы мүмкін. Айта кетейік, бұған дейін өрмекші, балық және жер бетінен жоғалып кеткен кесірткеге Барак Обаманың есімі берілген болатын.