Өзбекстанда билікке талас басталды...
2016 ж. 06 қыркүйек
7477
6

Өзбек дәстүрге берік: о бастан «көнбіс бұқара , ал күштік құрылымдар қимылсыз қалып , шектеусіз еркіндік ала қалса, қопарып тастайтын әдеті тағы бар. Мен бірнеше сценарий болуы ықималдығын болжаймын. Бірінші сценарийде қазіргі Премьер-министр, Лоламен келісіп не келіспей, билікті өз қолына алып, келесі диктаторға айналады. Екінші сценарийде қазіргі Премьерден басқа адам, ол күштік құрылым адамы, Лоламен келісіп не келіспей, білікті өз қолына алып, келесі диктаторға айналады. Үшінші сценарийде билікке үшінші күш келуі мүмкін: ол діндар махалла адамдары. Олардың лидерлері жас молдалар, медресе талабалары мен студент қауымы, ірі қала тұрғындары. Олар жастарды дүрліктіріп, саяси және идеологиялық инициативаны өз қолына алуы ықтимал. Олардың тактикасы қала жастарын өздеріне ілестіріп алу. Егерде өзбек элитасы билік тағына тағайындауды тым ұзаққа созып жіберсе, «үшінші күш» билікке таласушылары мешіттерге саяси апелляция жасаса, Үшінші сценарийдің ықтималдығы өсе түседі.
Әзімбай ҒАЛИ,
qazaquni.kz