Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін үш кандидаттың есімін атады
2016 ж. 05 қыркүйек
3221
1
Мехико ұлттық автономдық университетінің (Мексика) бұрынғы КСРО елдері бойынша сарапшысы, профессор Ана Гутьеррес дель Сид Өзбекстан президенті болуы мүмкін деген үш кандидаттың есімін атады.
Шавкат Мирзияев[/caption]
Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.
«Өзбекстан президенті атануы мүмкін үш кандидат бар. Олар: премьер-министр Шавкат Мирзияев, бірінші вице-премьер, қаржы министрі Рустам Азимов және Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов. Осылардың ішінде Шавкат Мирзияевтің мүмкіндігі жоғары», – дейді сарапшы.
Еске салсақ, жұма күні кешкісін Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қаза болғаны хабарланды. Елді ширек ғасыр басқарған президент 3 қыркүйек күні жер қойнына тапсырылды.
Ендігі Олий Мажлистің (парламенттің жоғарғы палатасы) сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқаратын болады.