Ислам Каримов несімен ел есінде қалды? (фото)
2016 ж. 03 қыркүйек
2955
2
Тәуелсіз Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің қазасы туралы хабар көпшілікті есеңгіретті. NUR.KZ порталы Каримовтің ел есінде несімен қалғанын aif.ru сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.
Өзбек жігітінің кеңестік мансабы
Ислам Каримов 1938 жылы 30 қаңтарда Самарқандта дүниеге келген. Оның балалық шағы туралы аз айтылған. 1955 жылы мектеп бітірген Каримов "инженер-механик" мамандығы бойынша Орталықазиялық политехникалық институтқа оқуға түседі. 1960 жылы «Ташсельмаш» зауытына шебер ретінде жұмысқа тұрып, кейін инженер болады.
Үш тілді (өзбек, тәжік, орыс) еркін меңгерген Каримов екінші жоғарғы білім алып, "экономика" мамандығын меңгереді.
Республиканың жаңа басшысы
Білімі жоғары Ислам Каримов көп ұзамай республиканың Қаржы министрлігін басқарады.
1986 жылы Каримов Өзбекстанның Кашкадарьинский комитетінің бірінші хатшысы атанады. 1989 жылы Өзбекстан лидері Рафик Нишанов КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасы болып, оның орнына Каримов келеді. Осылайша Каримов Өзбекстан Компартиясының бірінші хатшысы атанады.
Ал 1990 жылы Каримов Өзбекстан президенті болып сайланды.
Тәуелсіздік таңы
1991 жылы 31 тамызда Каримов алғашқылардың бірі болып республиканың тәуелсіздігі туралы хабарлайды. 1991 жылдың желтоқсанында Ислам Каримов қайтадан Өзбекстан президенті қызметіне сайланып, тәуелсіз елдің басшысы атанады.
Өте қолайсыз кезеңде басшылыққа келген Каримов радикалдардың елге әсерін азайтуға бар күшін салады. КСРО құлағаннан кейін елдің экономикасы да қиын жағдайда болатын. Елде тәртіп орнату үшін Каримов қатаң шаралар қолдануға дейін барып, радикалдардың толқынын басады.
Каримовтің тұсында орыс тілі түптамырымен жойылып, ұлттық саясатқа зор ден қойылды. Соған қарамастан білікті саясаткер өз елінің Ресеймен қарым-қатынасын барынша суытпаудың да амалын тапты.
Өзбекстанда қаруланған экстремистердің толқынын басу үшін Каримов қарулы әскерді пайдаланады. Бұл өз кезегінде АҚШ-қа жақпай қалды. Ал Каримов болса, экстремистер артында Өзбекстан билігін өзгерткісі келген Вашингтон тұр деген ойын ашық жайып салады.
Бертінгі жылдар
2015 жылғы 29 наурызда 77 жастағы Ислам Каримов Өзбекстан президенті болып қайта сайланды. Оған сайлаушылардың 90 пайызы дауыс берген. Бірақ алдыңғыларына қарағанда осы жолы Батыс сыншылары бұл сайлауды бірқалыпты қабылдады.
2014 жылғы 10 қазан. Минскіде ТМД елдерінің басшылары түгелдей қатысқан отырыс өтті. Посткеңестік кеңістіктегі елдердің болашағы қандай? Бұл мәселенің көтерілу себебі орынды, себебі «Ислам мемлекеті» террористік тобы бірнеше елмен соғыс жүргізіп жатқан кезең. Ал Өзбекстан болса, «соғыс ошағының қақ ортасында тұр». Республика қарулы қақтығыстың сәл-ақ алдында тұрған еді. Каримов жағдайды уысында ұстап тұра алды.
1992 жылы Ислам Каримов «Өзбекстан: жаңару және даму жолым» деп аталатын кітап шығарды. Өзбекстан шынымен де өз дара жолымен жүрді. Түркіменстандағыдай оларда ұлт көсемінің алтын мүсіндері жасалған жоқ, алайда өзбек еліндегі жергілікті тәртіптің қатаңдығы еуропалықты ғана емес, Ресей тұрғындарын да таңқалдыратындай еді.