Түркия премьері Каримовтің қазасына байланысты көңіл айтты

Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым жұма күні Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қазасына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Түркия премьері Каримовтің қазасына байланысты көңіл айттыОның Өзбекстан президентінің қазасы туралы ақпаратты қайдан алғаны айтылмаған.

"Өзбекстан президенті Ислам Каримов қаза болды. Алла оның жанына тыныштық берсін. Түркия Республикасының атынан Өзбекстан халқына көңіл айтамын", — деді Йылдырым тікелей эфир арқылы Анкарадағы Түркия үкіметінің отырысында.

Бұған дейін Reuters ақпарат агенттігі үш дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасап, Каримовтің қаза болғаны туралы хабарлаған болатын.

27 тамыз күні Каримовтің миына қан құйылып, емханаға түскен. Өзбекстанның оппозициясы Каримов банкетте тым көп ішімдік ішкеннен кейін емханаға түсті деген ақпарат таратты.

Каримов 1991 жылдан бері Өзбекстан президенті болып келді. Ал 1990 жылдың наурызында Өзбек КСР басшысы болған. Кеңестік кезеңде Өзбекстан Коммунистік партиясының Бірінші хатшысы (1989-1991 жж), Өзбек КСР президенті (1990-1991 жж), республиканың Қаржы министрі қызметтерін атқарды. Оның артында екі қызы - Лола мен Гүлнар қалды.