Ерлан Қарин: Ислам Кәрімовтің отбасы билікке ие боп қалуы мүмкін емес
2016 ж. 02 қыркүйек
3621
2
Өзбек саясатының жабықтығын және жергілікті саяси элита құрылымының ерекшелігін ескере отырып, биліктің қандай сценарийлерімен ауысатынын болжау аса қиын. Әзірбайжандық деп аталатын сценарийдің - яғни, билік өкілеттігін отбасы мүшесіне берілуі – екіталай, тіпті бұл сценарий іске аспайды деп сеніммен айтуға болады. Өзбекістанда отбасы саяси ықпалдың факторы ретінде қалыптаса алмады.
Сондықтан ықтимал деген негізгі келесі сценарийлерді келтіруге болады:
Бірінші – «Арнаулы құрылымдар». Элитадағы бірден-бір ұйымдасқан топ – арнаулы құрылымдар өкілдері қазіргі кезде топтасып жұмыс жасауға қабілетті жалғыз күш. Жергілікті арнайы қызмет – Ұлттық қауіпсіздік қызметі өзбек билік жүйесіндегі негізгі құрылым болып табылады, және де сыртқы күштермен байланыстар осы құрылымдар арқылы жүзеге асып келген болатын, ал қазіргі жағдайда бұл да маңызды фактор.
Екінші - «Консенсустық фигура». Өзбек лидерінің денсаулығы туралы ресми ақпаратты президент баспасөз-қызметі немесе президент әкімшілігі құрылымдары емес, үкіметтің таратуы жергілікті билік иерархиясында премьер-министрдің қандай да бір ықпалды рөлі бар екендігін және оның тақ мұрагері ретінде сайлануы мүмкін екендігін байқатады.
Үшінші – «Конституциялық». Бұл сценарийдің болуы екіталай, десек те, оны мүлдем шығарып тастауға да келмес. 2011 жылы Өзбекстанның негізгі заңына Мемлекет басшысын ауыстыру схемасын нақтылайтын бірқатар өзгерістер енгізілді: «Президент өз міндеттерін атқара алмаған жағдайда, оның құзыреттері уақытша Өзбекстан Республикасы Жоғарғы мәжіліс Сенатының төрағасына жүктеліп, «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» Заңға сәйкес үш айдың ішінде сайлау өткізілуі тиіс».
Осы аталған үш сценарийді келтіре отырып, ең ықтималы, ол араласқан аралас нұсқасының жүзеге асуы - яғни күштік құрылымдардың бақылауы арқылы екінші және үшінші сценарий жүзеге асуы мүмкін. Әрине өзбек саясатында саяси институттардың әлсіздігі ықпалы бар, бірақ сонымен қатар өзбек саясатының артықшылығы дәстүрлердің ықпалы мен белгілі бір нормалармен жүретіндігін ескеру қажет, ал бұл негізгі элита топтарының өзара келісімге келу қабілеттілігін қамтамасыз ететін бірден бір фактор болса керек.
Қалай болғанда да, Өзбекстанда билік транзиті техникалық тұрғыдан қалай өтетініне қарамастан, Орталық Азия турбулентті кезеңге енуде. «Өзбек мәселесі» биліктің тұрақтылығы мәселесін өткірлей (аймақ үшін негізгі әрі өзекті мәселе) түсті. Көшбасшының кенеттен кетуі, биліктің берілуі институционалдық негіздермен нығайтылмауы және билік транзиті тәжірибесінің жоқтығы билік үшін күресті шиеленістіріп, өршіту қаупін тудырып отырып. Бірақ, билік транзиті сценарийін кенеттен жүзеге асырудың әртүрлі қатерлері болғанымен де, бұл жағдай аймақтық үдерістерге оң ықпалын тигізуі де әбден мүмкін.
Ерлан Қарин,
Фейсбук парақшасынан алынды