Мәскеуде Мұхтар Әбілязовтің атышулы сыбайласы сотталып кетті
2016 ж. 26 тамыз
1917
0
Мәскеуде Мещанск қалалық соты Мұхтар Әбіләзовтің сыбайласы, «Русские» ұлтшыл қозғалысын құрған Александр Поткинді 7,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар, сот БТА-Банктің 4,9 млрд рубльге бағаланған арызын қанағаттандырды. Айта кетейік, айыптаушы тарап оған 9 жыл сұраған болатын.
«Жазаны түбегейлі қосқан кезде Поткинге жалпы режимдегі колонияға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын», - деп хабарлады прокурор Мәскеуде Мещанск сотында.
Бұл істе басты фигурант ретінде Францияда қамауға алынған БТА банктің экс-басшысы Мұхтар Әбіләзов жүруде. Ол Поткин арқылы БТА-Банк салымшыларының 5 млрд рубльға жуық салымдарын заңдастыруға атсалысқан.
Айыпталушы өзінің кінәсін мойындамады. Поткин өзіне қатысты қылмыстық істі саяси себептермен байланыстырып отыр.
Поткин 2014 жылы 15 қазанда БТА банктің қаражатын жымқыру ісі бойынша ұсталған болатын. Оған БТА банк салымшыларынан ұрланған қаражатын заңдастыру, сонымен қатар Қазақстанда билікті ығыстыру жолында экстремистік іс-әрекеттер ұйымдастыру фактісі бойынша айып тағылды.