Қостанай әкімі сот арқылы ардагерді пәтерден қуып жібермек болды

Қостанай әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерін пәтерден қуып жіберу туралы шағым түсірді. Алайда сот шағымды қанағаттандымады. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қостанай әкімі сот арқылы ардагерді пәтерден қуып жібермек болдыСот мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылы қала әкімі 94 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагеріне жалға бір бөлмелі пәтер беріп, жалға беру туралы келісімшарт жасасқан.

2016 жылдың тамызында ардагер сырқаттанып, Астанада емханаға түседі. Сол арада зейнеткерге еміне шұғыл қаражат қажет болғасын оның қызы пәтерді екі айға өзгелерге жалға береді. Ал қазіргі уақытта ардагер пәтерге қайтып оралған.

"Тұрғын үй қатынастары" туралы заңның 68 бабы 1 бөліміне сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына жатады. Соған қарамастан, қала әкімі ардагерді пәтерден қуу туралы сотқа шағымданды", - делінген хабарламада.

Қостанай соты зейнеткердің соғыс ардагері екенін және жасының үлкендігін ескере отырып, әкімнің шағымын қанағаттандырмады.